×

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Оның айтуынша, Рамазан - күллі мұсылман үшін мән-маңызы айрықша езгіл

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Ақорда

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ардақты ағайын!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл.

Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен.

Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.

Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Ораза қабыл болсын!», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Кеше, 09:33

"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!
Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →