×

Атырауда миллиард теңгелік спорт алаңдарының құрылысы аяқталмай қалды

Мектеп спорт алаңдарының құрылысы бес жыл бұрын басталған

Атырауда миллиард теңгелік спорт алаңдарының құрылысы аяқталмай қалды
azh.kz

 

«Атырау қаласындағы орта мектептерге арналған спорт алаңдарының құрылысы» деп аталатын жобаны жүзеге асыру 2018 жылы басталған. Оның құны 1,3 млрд теңгені құрады, бірақ мердігер өзіне тиесілі соманың қомақты бөлігін ала отырып, белгісіз себептермен бүкіл жұмысты тоқтатты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі жергілікті «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты қала әкімдігі де растады. Әкімдіктің мәліметінше,  тендерді әлдебір «Фирма Лан» ЖШС ұтып алып, 2020 жылдың күзіне қарай №4, 6, 8, 12, 18, 20, Алтынсарин, Құнанбаев, Нысанбаев атындағы және т.б. мектептердің – барлығы 25 оқу орнының спорт алаңдарын салуға міндеттелгені белгілі болды.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары 60 пайызға орындалды, бірақ аяқталмады. Мердігердің нысанды аяқсыз қалдыруының себептері белгісіз. Мердігердің әрекетіне орынды түсініктеме беру мүмкін емес», - делінген 2018-2020 жылдары мердігерге келісілген соманың көп бөлігін төрт траншпен төлеген әкімдіктің жауабында.  Қалдық 645 млн теңгені құрады.

Одан әрі сот ісі басталып, шамасы «Фирма Лан» ЖШС-де «ақылға қонымды түсініктемелер» табылған болуы керек, сот әкімдіктің мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты, ал құқық қорғаушылар «қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты» деген тұжырыммен басталған тергеу ісін тоқтатты.

Оның үстіне, өткен жылы «Фирма Лан» ЖШС өз кезегінде келісімшартқа қосымша келісімді қалпына келтіру туралы талаптарын қанағаттандырған әкімдіктің үстінен сотқа шағым түсірген.

«Қосымша келісімшарт жасалған соң, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарына жұмылдыруды бастайды», - деп жауап берді қала әкімдігі алаңдарды кім аяқтайды деген сауалға.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →