×

Алматыда 18 жастағы қызды зорлады деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

Алматыда 18 жастағы қызды зорлады деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды
Фото: ЖИ

Алматыда жас қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, күдікті такси жүргізушісі болып істеген және бұған дейін қызға қырыңдап жүрген.

Қазнетте Алматыда 18 жастағы қыздың зорлыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Туыстарының айтуынша, кешкісін ол байланысқа шықпай қалған, ал біраз уақыттан кейін таныс емес такси жүргізушісі зорлағанын мойындаған.

Алматы қаласы Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

Жәбірленушінің арызында көрсетілген деректер бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қызметкерлері қылмыс белгілері бойынша дереу қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді полиция.

Ведомство тергеу амалдарының жалғасып жатқанын атап өтті.

Алматы полициясы объективті әрі жан-жақты тергеуді қамтамасыз етеді, – деді полиция.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →