×

Алматыда аула сыпырушылардың жалақысы өсті

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев тәулік бойы жұмыс істейтін тазалық жұмыстары мен аула сыпырушылардың жалақысы өскенін айтты

Алматыда аула сыпырушылардың жалақысы өсті
Ашық дереккөзден

Алматыда қаланы санитарлық тазалау бойынша жаңа жүйе енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді әр ауданның тазалығы үшін көшелер, тротуарлар, арықтар, аялдамалар мен жасыл аймақтарды қоса қамтитын бір мердігер толық жауап береді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.

Коммуналдық қызметкерлер саны екі есе артып, 3175 адамға жетті, олардың жалақысы 170 мыңнан 350 мың теңгеге дейін көтерілді. Тәулік бойғы үш ауысымдық жұмыс кестесі енгізіліп, 300-ден астам жаңа техника сатып алынуда.

«Бұрын бір көшеде бірнеше компания қатар жұмыс істеп, соның салдарынан түсініспеушіліктер туындайтын. Жаңа «фасадтан фасадқа дейін» қағидаты тәртіп пен үйлесімділікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Алмасхан Сматлаев.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімдік қажетті ресурсы бар небәрі бес мердігермен ғана жұмысын жалғастырады, қалғандары ауыстырылады. Мұндай тәсіл қаладағы санитарлық жағдайды айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →