×

Алматыда «Amir Capital» қаржы пирамидасының басшысын екі айға қамауға алынды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Amir Capital» қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі тергеп жатыр

Алматыда «Amir Capital» қаржы пирамидасының басшысын екі айға қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті тағы бір қаржы пирамидасын тергей бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған «Amir Capital» компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы 5–10% мөлшерде табыс табу уәдесімен қаржы тартқан

Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған реферальды сілтеме бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерді толтыру криптовалюта түрінде (USDT, BTC, ETH) Amir Wallet әмияны арқылы жүзеге асқан. Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған — яғни, бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген.

Салдарынан аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.

2021 жылдың соңында салымшылардың «amir.capital» платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген. Құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімін бұғаттауға сот санкциясы алынды.

Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
Кеше, 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →