×

Тоқаев АҚШ-тағы Қазақстан елшісін қызметінен алды

Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды

Тоқаев АҚШ-тағы Қазақстан елшісін қызметінен алды
Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына 2021 жылы сәуірде тағайындалған.

Ержан Ашықбаев 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі: 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.

2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті.

Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

І-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2013 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

ҚР құрмет грамотасы, 2007 ж.; ҚР Президентінің алғысы, 2010 ж.; “Ерен еңбегі үшін" медалі, 2014 ж.; “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан конституциясына 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “ҚР ҰҚК шекара қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл" , 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
Кеше, 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 
Енді ол Президенттің көмекшісі ретінде Ақордаға оралды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →