×

Әкім Астанада LRT пойыздарын сынақтан өткізу күнін атады

Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр

Әкім Астанада LRT пойыздарын сынақтан өткізу күнін атады
Фото kapital.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының тестілік іске қосылу мерзімін атады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Мәжіліс кулуарында журналистер бұған дейін қыркүйекте болады деп жарияланған тестілік іске қосу жайлы сұрады.

«Келесі аптада, 29 немесе 30-ында, мысалы, "Абу-Даби" станциясынан Мәңгілік Ел көпіріне қарай алғашқы пойызды жүргізуді жоспарлап отырмыз. Кейін күн сайын жұмыс уақыты, станциялар мен пойыздардың саны көбейеді. Бір апта ішінде 1–2 станция аралығында тестілік режимде қозғалысты көреміз. Жалпы сынақ 3-тен 6 айға дейін созылады. Қазан айында қосымша 8 пойыз келеді, желтоқсанға дейін барлық 18 құрам жеткізіледі. Біздің жоспарымыз бойынша келесі жылдың басынан бастап барлық пойыздар іске қосылады. Желтоқсан соңына қарай — қаңтардың басы мен ортасына таман барлық құрам тестілік режимде жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз. Жобалық жолақы құны — 200 теңге», — деді Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, сынақ сәтті өтсе, LRT 2026 жылдың басында жұмысын бастайды.

«Барлығы ойдағыдай болып, тест сәтті өтсе, бірінші тоқсанның соңына дейін толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», — деп қосты қала басшысы.

Еске салайық, бұған дейін мәслихат депутаттары Астанадағы LRT станцияларының ресми атауларын бекіткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
Кеше, 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 
Енді ол Президенттің көмекшісі ретінде Ақордаға оралды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →