×

Апелляция соты Махамбет Әбжанның үкімін өзгеріссіз қалдырды

Сот шешімі 3 ақпанда жарияланған

Апелляция соты Махамбет Әбжанның үкімін өзгеріссіз қалдырды
el.kz

Астана сотының баспасөз қызметі апелляциялық сот «қасақана жалған ақпарат таратып, бопсалады» деп айыпталған журналист Махамбет Әбжанның үкімін өзгеріссіз қалдырғанын хабарлады, деп жазады Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сот шешімі 3 ақпанда жарияланған. Әбжан кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Судья журналистің әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылғанын айтты.

«Бұл үкіммен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары апелляциялық тәртіпте сот актісіне шағымданып, Әбжанды ақтауды сұрады. Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді», - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Махамбет Әбжан – қазақстандық журналист. Ол 2022 жылы 3 шілдеде ұсталып, 5 шілдеде қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналиске Рашит Махаттан 50 миллион теңге бопсалады деп айып тақты.

Махамбет Әбжан соңына дейін өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Тіпті тергеу тарапынан қысым болғанын бірнеше рет мәлімдеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Кеше, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →