×

Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірген күдікті анықталды

Ол баланың анасымен бірге тұрған

Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірген күдікті анықталды
Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Теміртауда баланы өлтірген күдікті анықталды, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Полиция Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады. Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы ер адам екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктіге іздеу жарияланды. Оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Мәлім етілгендей, өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →