×

Тоқаев Мәдиевке қос міндет жүктеді: вице-премьер және жаңа министрлік басшысы

Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Тоқаев Мәдиевке қос міндет жүктеді: вице-премьер және жаңа министрлік басшысы
Фото әлеуметтік желіден

Жаслан Мәдиев ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп жазады Qaz365.kz.

Бұған дейін Мәдиев 2024 жылдың мамырынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.

«Ведомство басшысы Жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады. Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді», - деп жазды ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →