×

Бектенов Алматы тауларында бұзылуы тиіс коттедждер мен тұрғын үй кешендерін атады

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Бектенов Алматы тауларында бұзылуы тиіс коттедждер мен тұрғын үй кешендерін атады
Ашық дереккөзден

Премьер-министр Олжас Бектенов Іле Алатауының баурайындағы заңсыз тау жыныстарын қиып, өзендер мен сайларды рұқсатсыз толтырып, жаппай құрылыс салғандарға қатысты Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тамыз айында мен Көлсай, Көктөбе шағын аудандарындағы жергілікті элитаға тиесілі 25 жер учаскесіне тексеру жүргізуді бастадым. Олардың шамамен 80 пайызы — Бутаковка, Кеңсай, Көктөбе, Горный гигант, Ерменсай, Бағанашылда орналасқан. Таулар коттедждер мен таунхаустар салу үшін қырқылып жатыр», — деді Базарбек өз депутаттық сауалында.

Өз жауабында Олжас Бектенов қала аумағындағы тау бөктеріндегі жер телімдерін бұған дейін Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандарының әкімдіктері бөліп бергенін, олардың 1998–2014 жылдары Алматы қаласының шекарасына қосылғанын айтты. 2021 жылдан бері тау бөктерінен жаңа жер телімдері берілмеген.

«Аталған 25 жер учаскесіне қатысты жер заңнамасын бұзу деректері бойынша Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті олардың заңдылығын анықтау және тиісті шара қабылдау үшін тексеру жүргізіп жатыр», — деп атап өтті премьер-министр.

Оның айтуынша, Алматы қаласының құрылысқа бақылау жасау басқармасы да заң бұзушыларға қатысты әкімшілік шара қолдануда. Оның ішінде — нұсқама беру, айыппұл салу және заңсыз құрылыстарды бұзу жөнінде сотқа талап арыз түсірілген.

Үкімет басшысы бірқатар нысандар бойынша деректер келтірді:

  • «Беверли Хиллс» коттедж қалашығы 2021–2022 жылдары берілген рұқсат құжаттарының негізінде пайдалануға берілген;

  • Қолсай шағын ауданындағы (2428, 2428/1 үйлер) учаскелерге рұқсат берілмеген, ал 362-учаскедегі нысан ішінара пайдалануға енгізілген;

  • «Горный гигант» ПК-ға қарасты 554-учаске бойынша жобалық құжаттама жоқ. Құрылыс салушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, тұрғын үйді сүру туралы сотқа талап-арыз берілген;

  • «Горный гигант» ПК, 20А мекенжайындағы нысан бойынша тұрғын үй кешенін салуға рұқсат 2021 жылы берілген;

  • «Prime Park» тұрғын үй кешенінде анықталған заңбұзушылықтар түзетіліп, нұсқама орындалған (техникалық тексеру жүргізіліп, оң қорытынды алынған, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарлама берілген);

  • «Монблан» және «Швейцария» тұрғын үй кешендері бойынша құрылыс салушыға әкімшілік шаралар қолданылып, нысандарды сүру туралы сот шешімдері шыққан. Қазіргі таңда атқару ісі Алматы қаласы Әділет департаментінің бақылауында.

Бектеновтің сөзінше, 2025 жылы Әділет департаментінің өндірісінде таулы аймақтағы нысандарды сүруге қатысты 35 іс болған. Соның 20-сы (57%) орындалды. Бірқатар нысандар толық немесе жартылай бұзылды. Қазіргі уақытта өндірісте 15 атқару ісі қалды: оның екеуі бойынша борышкерлерге заңбұзушылықтарды өз еркімен жою міндеттелсе, 13-інде мәжбүрлеу шаралары қолданылып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қол жүгі 5 келіден асса не істеу керек – FlyArystan түсіндірді
Бүгін, 12:00

Қол жүгі 5 келіден асса не істеу керек – FlyArystan түсіндірді

FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →