×

Сирияда Асад билігі құлағаннан кейін алғашқы сайлау өтті

Сирияда Башар Асадты режимі құлағаннан кейін алғашқы парламенттік сайлау өткізілді

Сирияда Асад билігі құлағаннан кейін алғашқы сайлау өтті

Сайлау тікелей өткен жоқ – дауыс бергендер сайлау алқасының мүшелері болды. Бұдан бөлек, "қауіпсіздік себептеріне байланысты" елдің 14 провинциясының 3-інде сайлау өткізілген жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

DW басылымының жазуынша, Сирияда президент Башар Асад құлатылғаннан кейін алғаш рет парламенттік сайлау өткен. Дауыс беру жексенбі, 5 қазанда өтті, оның қорытындылары бір-екі күннен кейін белгілі болмақ.

Бір палаталы Сирия Халық кеңесіне барлығы 210 депутат кіреді, олар 30 айға сайланады және өкілетін ұзарту мүмкіндігі бар. Оның үштен бірін 2025 жылдың қаңтарында елдің өтпелі үкіметі кезеңіне президент болып тағайындалған Ахмед әл-Шараа бекітеді. Қалған депутаттарды әл-Шараа құрған сайлау алқасы белгілеген өңірлік комитеттер анықтайды.

Сонымен қатар, 32 депутаттық орын бос қалады. Олар шілдеде друздар мен бәдәуилер арасында қақтығыстар болған оңтүстіктегі Эс-Сувайда провинциясының, сондай-ақ ішінара Сириялық демократиялық күштердің (SDF) бақылауындағы солтүстік-шығыстағы Эль-Хасака мен солтүстіктегі Эр-Ракка провинцияларының өкілдеріне арналған еді. Өтпелі үкіметтің мәлімдеуінше, елдің 14 провинциясының үшеуінде қауіпсіздік себептеріне байланысты сайлау кейінге қалдырылды.

Сирияда депутаттар тікелей сайланбайды. Сайлауға барлығы 1578 адам тіркелді, олардың небәрі 14 пайызы – әйелдер. Кандидаттарға қойылған талаптардың ішінде – Асадтың «алдыңғы режимін» жақтамау және сепаратистік идеяларды қолдамау бар.

Қыркүйек айында әл-Шараа қазіргі уақытта тікелей сайлау өткізу мүмкін емес екенін мәлімдеген. Себептердің қатарында – құжаттары жоқ көптеген ішкі босқындар мен шетелде тұратын сириялықтар бар. Сондықтан дауыс беруді комитеттер мен сайлау алқалары жүргізді, сол себепті Асад режимі құлатылғаннан кейінгі алғашқы сайлау «жанама» деп аталды.

Мұндай сайлау форматы бірқатар сириялықтардың қатты сынына ұшырады. Олар дауыс беру процесі қатаң бақыланатынын және бар болғаны беткі көрініс екенін айтады. Дегенмен, Катарда орналасқан Араб саяси зерттеулер орталығы шілденің ортасынан тамыздың ортасына дейін жүргізген сауалнама нәтижесінде 4 мыңға жуық сириялықтың 57 пайызы қазіргі саяси жағдайды оң бағалайтынын көрсеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр
Кеше, 18:23

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр

Алматыда қалалық жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар
Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →