×

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр

Алматыда қалалық жарықтандыру жүйесі жаңартылуда

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Қала Жарық» МКК-мен бірлесіп, қаланың сыртқы жарықтандыруын жаңғырту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Жаңартылған нысандардың қатарында Республика Сарайы, Шухов және «Дружба» скверлері, Төлебаев көшесіндегі аллея, Сейфуллин даңғылы, сондай-ақ Шолохов және Саин көшелері бар.

Республика Сарайының аумағында 60 жаңа жарықтандыру тірегі орнатылып, 700 метр 5×10 кабель тартылды. Шухов скверінде қуаты 100 Вт (3000К) 32 торшер шамы орнатылды. «Дружба» саябағында 65 ескірген шам энергия тиімділігі жоғары (100 Вт, 3000К) заманауи жарық көзіне ауыстырылды.

Бұдан бөлек,Төлебаев көшесінде 97 шам ауыстырылып, тротуарлар  біркелкілкі жарықтандырылуда. Шолохов көшесіндегі ескі шамдардың орнына 210 торшер пайда болды, соның арқасында энергия тиімділігі де артты. Саин көшесіндегі 150 Ватт шамдарды  неғұрлым қуатты 200 ватт шамдарға ауыстыру жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 750 шам  жаңартылды.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру жарықтандыру деңгейін және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қала тұрғындары мен қонақтары үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға ықпал етіп,  қоғамдық кеңістіктерге заманауи сәулеттік көрініс беріп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда биыл 140 шақырымға жуық жол жөнделеді
Кеше, 17:58

Түркістанда биыл 140 шақырымға жуық жол жөнделеді

Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар
Сирияда Башар Асадты режимі құлағаннан кейін алғашқы парламенттік сайлау өткізілді
Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →