×

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететін болды

. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететін болды
Air Astana баспасөз қызметі

«Air Astana» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компания мәліметінше, Фостер өз қызметін аяқтағаннан кейін де компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Оның орнына қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметіне тағайындалмақ. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал 2017 жылдан бастап компанияның қаржы саласын басқарып келеді.

«Air Astana» директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов Питер Фостердің компанияны 20 жыл бойы басқарудағы еңбегін ерекше атап өтті:

«Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны құрылған күнінен бастап Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына, әлемдік деңгейде мойындалған брендке дейін жеткізгені үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сонымен қатар, Ибрахим Жанлыелдің басшылыққа келуімен компания жаңа белестерге жетеді деп сенеміз», — деді Жақұпов.

Айта кетейік, Питер Фостер 2005 жылдан бері «Air Astana»-ны басқарып келеді және оның басшылығымен компания Қазақстанның авиация саласындағы жетекші брендке айналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр
06.10.2025ж. 18:23

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр

Алматыда қалалық жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар
Сирияда Башар Асадты режимі құлағаннан кейін алғашқы парламенттік сайлау өткізілді
Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →