×

Атырауда экологиялық акция аясында 4 мыңнан аса тал егілді

Аймақта жыл басынан бері өткен экологиялық бағдарламаларға 8 мыңға жуық адам қатысты

Атырауда экологиялық акция аясында 4 мыңнан аса тал егілді
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен экологиялық акцияда 15 тонна қоқыс жиналып, 4070 ағаш егілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев және 1500-ден астам ерікті қатысты. Облыс орталығында өткен тазалық жұмыстары Жайық өзенінің Атырау шағынауданындағы жағалауын қамтыды.

Сенбілікті Атырау облысы әкімдігі және облыстық Экология департаменті мен «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырды.

Тазалық акциясына облыс орталығы ғана емес, аудан тұрғындары да қатысты.

– Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Таза орта – салауатты өмір кепілі. Әр тұрғын туған жердің экологиясына бейжай қарамаса, қоршаған ортамыз да таза әрі көркем болады, – деді Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.

Аймақта жыл басынан бері өткен экологиялық бағдарламаларға 8 мыңға жуық адам қатысып, нәтижесінде 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкенттегі атышулы іс: Берденовті атуға тапсырыс берілген бе?
09.10.2025ж. 12:32

Шымкенттегі атышулы іс: Берденовті атуға тапсырыс берілген бе?

Оның айтуынша, оқиғада әкім орынбасарына оқ ату ниеті болмаған
. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді
Алматыда қалалық жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →