×

Сенатор блогерлерді лицензиялауды ұсынды: Қаржылық мониторинг агенттігі жауап берді

Агенттік бұл шараны қажет емес деп санайды

Сенатор блогерлерді лицензиялауды ұсынды: Қаржылық мониторинг агенттігі жауап берді
Коллаж Qaz365

Қаржылық мониторинг агенттігі блогерлерге лицензия беру немесе арнайы реестр жасау бастамасын қолдамады. Агенттік бұл шараны қажет емес деп санайды, себебі блогерлердің қызметі қолданыстағы заңдармен реттеліп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚМА депутат Геннадий Шиповскихтың блогерлердің құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігі жөніндегі депутаттық сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Агенттік дерегінше, «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» заңда блогерлердің құқықтары мен міндеттері айқын жазылған. Жарнамадан табыс табатын инфлюенсерлер кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық және жарнама заңнамаларына сай жұмыс істеуге міндетті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі де блогерлерді лицензиялау бастамасы сөз бостандығын шектеп, қосымша әкімшілік тосқауылдар тудыруы мүмкін екенін айтты.

Министрлік пікірінше, бұл шаралар қолданыстағы заңнаманы қайталауға және жауапкершілік тетіктерін күрделендіруге әкеледі.

ҚМА мәлімдеуінше, қазіргі әкімшілік жауапкершілік нормалары онлайн-платформалар пайдаланушыларының, соның ішінде блогерлердің заң талаптарын орындауын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан жаңа реттеу жүйесін енгізудің қажеттілігі жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Бүгін, 15:34

Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Президент Палатаның заң шығару қызметімен және депутаттардың жұмыс бағыттарымен танысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →