×

Тоқаев Трампты Газа секторындағы бейбіт келісімге қол жеткізуімен құттықтады

Трамп Газа секторындағы соғыс ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді

Тоқаев Трампты Газа секторындағы бейбіт келісімге қол жеткізуімен құттықтады
Telegram/ Ruslan Zheldibay

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторында көптен күткен бейбітшілікті орнатуға бағытталған маңызды дипломатиялық табысына орай құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы Дональд Трамптың саяси табандылығын және халықтар арасындағы татулық пен өзара түсіністікті орнатуға деген шынайы ұмтылысын жоғары бағалады.

Айта кетейік, 13 қазанда Дональд Трамп Газа секторындағы соғыс ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді. Келісімнің алғашқы кезеңі аясында ХАМАС екі жылдан астам уақыт бойы тұтқында ұстаған 20 адамды босатты. Қаза тапқандардың денелері әзірге Израильге тапсырылған жоқ. Ал босатылған палестиналық тұтқындардың бір бөлігі Батыс жағалаудағы Рамаллада қарсы алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан паспорты халықаралық рейтингте жоғарылады
Кеше, 12:59

Қазақстан паспорты халықаралық рейтингте жоғарылады

Зерттеуге 199 елдің паспорты енгізілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →