×

Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел психикалық орталықта ем қабылдап жатыр

Ол облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды

Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел психикалық орталықта ем қабылдап жатыр
Pixabay

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырған әйел облыстық психикалық денсаулық орталығында мәжбүрлі ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балалардың анасына медициналық сипаттағы мәжбүрлі емдеу шарасы қолданылып, ол облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, аталған оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс әлі сотқа жолданған жоқ. Іс материалдары қадағалаушы органда қаралу үстінде.

Еске салайық, шілде айының соңында 35 жастағы әйел өз пәтерінің терезесінен екі ұлын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. Нәтижесінде 2024 жылы туған кіші ұлы ауруханада көз жұмды. Ал 7 жастағы үлкен ұлы емделіп шыққан соң әкесімен бірге Екібастұз маңындағы ауылға қоныс аударды.

Қазір бала дәрігер-педиатр мен басқа да салалық мамандардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бақылауында. Оған ұзақ мерзімді реабилитациялық ем қажет. Сабақтарын үйден оқып жатыр.

Баланың әкесіне сол ауылдан жұмысқа орналасудың бірнеше нұсқасы ұсынылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Трамп Газа секторындағы соғыс ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді
Министр болған оқиғаларға қатысты ішкі істер органдары тарапынан да кінә бар екенін мойындады
Президент Палатаның заң шығару қызметімен және депутаттардың жұмыс бағыттарымен танысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →