×

“Қазақстанның табиғатын халықаралық аудиторияға танытты” – Экология министрлігі Дуровтың Көлсайда шомылуына қатысты

Ведомствоның мәліметінше, экологиялық нормалардың бұзылғаны анықталмаған

“Қазақстанның табиғатын халықаралық аудиторияға танытты” – Экология министрлігі  Дуровтың Көлсайда шомылуына қатысты
Видеодан кадр

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, экологиялық нормалардың бұзылғаны анықталмаған.

Бұған дейін Павел Дуров 7 қазан күні өз парақшасында Көлсай көлінен шыққан сәті көрсетілген бейнеролик жариялаған еді.

Министрлік ресми мәлімдемесінде сол жерде шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағанын, сондықтан кәсіпкердің әрекеті табиғи аймаққа зиян келтірмегенін атап өтті.

«Бұл жағдай әдейі жасалмаған және өңірдің экологиялық тұрақтылығына әсер еткен жоқ», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүріп-тұру ережелері туралы туристерді жүйелі түрде ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл шаралар бір жағынан Қазақстанның бірегей табиғатын сақтауға, екінші жағынан экологиялық әрі жауапты туризм бағытындағы елдің тартымдылығын арттыруға сеп болмақ.

«Жарияланған бейнематериал имидждік сипатқа ие және Қазақстанның табиғи сұлулығын халықаралық аудиторияға танытты. Бұл еліміздің туристік әлеуетін ілгерілету тұрғысынан маңызды», – деп қорытындылады министрлік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел психикалық орталықта ем қабылдап жатыр
Бүгін, 20:55

Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел психикалық орталықта ем қабылдап жатыр

Ол облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды
Трамп Газа секторындағы соғыс ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді
Министр болған оқиғаларға қатысты ішкі істер органдары тарапынан да кінә бар екенін мойындады
Президент Палатаның заң шығару қызметімен және депутаттардың жұмыс бағыттарымен танысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →