×

БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіру ондаған жылға созылуы мүмкін

Қазір Газада 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдығы жиналып қалған

БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіру ондаған жылға созылуы мүмкін
Mohammed Fayq Abu Mostafa / Reuters

БҰҰ соғыс аяқталған соң Газа секторында қалпына келтіру жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек бастауды ұсынды. Алайда ұйымның мәліметінше, қирандылардың ауқымы өте үлкен, сондықтан өңірді толық қалпына келтіру ондаған жылдарға созылуы ықтимал, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы 14 қазанда Женевада өткен брифингте Палестина аумақтарына көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Яко Силлиерс мәлімдеді.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын соғыс салдарынан қираған ғимараттардың орнын тазарту қажет. Қазір Газа қалаларында 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдығы жиналып қалған.

«БҰҰ, Еуропалық одақ және Дүниежүзілік банк жүргізген бірлескен бағалау нәтижесінде Газа секторын қалпына келтіру үшін шамамен 70 миллиард доллар қажет екені анықталды», – деді Силлиерс.

Ол қалпына келтіру жұмыстары қаржыландыру көлеміне тәуелді болатынын, сондықтан барлық аумақты түгел қалпына келтіру мүмкін болмайтынын атап өтті.

«Алдағы үш жылда шамамен 20 миллиард доллар игеру жоспарланып отыр», – деді ол.

БҰҰ өкілі Газаны қайта тұрғызуға нақты мерзім белгіленбегенін айтты. Оның сөзінше, бұл процесс ұзақ әрі күрделі, ал толық қалпына келтіру бірнеше онжылдыққа созылуы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Путин телефон арқылы алдағы сапарды талқылады
Кеше, 14:49

Тоқаев пен Путин телефон арқылы алдағы сапарды талқылады

Бұл – Қазақстан мен Ресей басшыларының алдағы сапар жөнінде үшінші рет пікір алмасуы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →