×

Алматыда жыл басынан бері жол сапасына 442 тексеріс жүргізілді

Тексеріс барысында 1005 сынама алынған

Алматыда жыл басынан бері жол сапасына 442 тексеріс жүргізілді

2025 жылдың басынан бері Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалының мамандары қала аумағындағы жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында 442 тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тексеріс барысында 1005 сынама алынған. Оның ішінде 333 сынама белгіленген талаптарға сәйкес болмай шықты. Бұл көрсеткіш жол саласында сапаны арттыру бағытындағы жұмыстардың әлі де өзекті екенін көрсетеді.

Филиал мамандарының мәліметінше, тексеріс кезінде 130 ақау анықталған, оның 5-і жойылып, 7 іс бойынша ГАСК-ке хат жолданған.
Оның ішінде 1 хат негізінде ақау қалпына келтіріліп, тағы бір жағдай бойынша жұмыстарды орындаған «НКО» ЖШС мердігер компаниясына 1 769 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған 5 хат қазіргі таңда қаралу үстінде.

Филиал директоры Мақсат Мұқанов жол сапасын бақылау жұмыстарын күшейту бағытындағы шараларға тоқталып өтті.

«Біздің басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз әрі ыңғайлы жолмен жүруін қамтамасыз ету. Сондықтан әрбір анықталған кемшілік бойынша нақты шаралар қабылданып, мердігерлердің жауапкершілігі күшейтіледі. Сапасыз жұмысқа енді көз жұма қарауға жол берілмейді», – деді ол.

Мамандардың айтуынша, биылғы маусымда жүргізілген бақылау нәтижелері Алматыдағы жол сапасын арттыруға және мердігер ұйымдардың тәртібін нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстың маңызды бөлігі болып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» гала-концерті өтті
Бүгін, 11:00

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» гала-концерті өтті

Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →