×

Магомед Адиев: Жауапкершілікті өз мойныма аламын, жігіттерге тек ойнаңдар деп айттым

Euro-2024 іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңді

Магомед Адиев: Жауапкершілікті өз мойныма аламын, жігіттерге тек ойнаңдар деп айттым
www.championat.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи сенсация жасады. Әлемдік рейтингте үздік жиырмалыққа команданы алғаш рет ұтты. Нақтырақ айтсақ, Euro-2024 іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Бір қызығы, ойынның 73-минутында жерлестеріміз жеңіліп жатқан. Сосын камбэк жасады. Нәтижесінде 3:2 есебімен Магомед Адиев шәкірттері басым түсті. Матчтан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Әрине, жеңіске өте қуаныштымыз. Өткендегі өкінішті жеңілістен кейін өз алаңымызда жанкүйерлер алдында үш ұпай алғуға тырыстық. Қарсыластың атақ-дәрежесі, деңгейі қандай екені түсінікті. Соған қарамастан қалпымызға келуге көңіл бөлдік. Десе де өз алаңымыздағы жеңіліс құрамаға біршама әсер етті. Шегінерге жер жоқ. Бұл жайында ойыншылармен әңгімелестік. Даниямен кездесуде бірінші кезең біз ойлағандай болған жоқ. Екі голдың соғылуы қателіктер салдарынан болды. Екінші кезеңде ойыншылардың бір-бірін түсінуі қалыпқа келе бастады. Оны оңтайлы пайдалана алдық.

 

Тағы оқыңыз: Асхат Тағыберген: Соққан голымды марқұм әкеме арнаймын

 

– Бірінші кезеңде Габышевтің орнына Скворцовты, үзілістен кейін Малыйды Ерлановқа ауыстырдыңыз. Бұл қателігіңізді мойындағаңыз ба?

– Мен жігіттер туралы негатив пікір айта алмаймын. Олар бүгін жарады. Жеңіске жетті. Негізгі құрамды мен таңдадым. Жарақаттары болды. Сосын ауыстыруға тура келді.

– Пенальтиден кейін ойыншыларды ауыстыра бастадыңыз. Ян Вороговский де бастапқыдай емес, соңғы жағында сенімді ойнауға көшті...

– Янның қапталындағы ойыншы өте мықты болды. Сондықтан барлығы дұрыс деп санаймын.

– Қазақстан бірнеше күн Наурыз мерекесін тойлады. Енді сол демалыстың әріқарай сіз жалғастырдыңыз. Жанкүйерлерге айтар бір-екі ауыз сөзіңіз болса...

– Мен үнемі жанкүйерлердің қолдауы өте керемет екенін айтып отырамын. Қазақстанға қандай қарсылас келсе де, оларға оңайға соқпайды. Словениямен матчтан кейін түзу айтылған сынды өзіме қабылдадым. Бүгін қателіктен сабақ шығарып, жеңісті жұлып алдық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →