×

Алматылық полицей кішкентай қызды ажал аузынан аман алып қалды

Оқиға мереке күндері орын алған 

Алматылық полицей кішкентай қызды ажал аузынан аман алып қалды
polisia.kz

Алматының учаскелік инспекторы кәмпитке қақалып қалған кішкентай қыздың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алмалы аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бақдәулет Мамыр өткен мереке күндері қайғылы оқиға бола жаздағанын айтып берді. Ол күні бойы қаланың қоғамдық орындарында тәртіпті қамтамасыз етіп, кешкісін үйіне қайтып бара жатқан.

“Рысқұлов пен Момышұлы көшелерінің қиылысында әйел адамның айғайлаған дауысын естідім. Тоқтадым, жүгіріп бардым, әйелдің баласын құтқармақ болып жатқанын көрдім. Ол кішкентай қыздың кәмпитке қақалып қалғанын айтты. Мен өте жылдам әрекет еттім, автоматты түрде: баланың басын төмен қаратып көтердім, арқасынан бірнеше рет ұрдым, кәмпит аузынан ұшып кетті. Барлығы өте тез болды. Мен қыздың атын да сұрамадым, өзімді де таныстырмаппын. Баланың аман қалғанына бәріміз қуандық. Бұл менің полиция қызметкері ретіндегі борышым”, – деді Мамыр.

Учаскелік инспектор бұл жағдайдың соңы қайғылы болуы да мүмкін еді дейді. Полицей сәбидің өмірін аман алып қалғанына шүкіршілік ететінін жасырмады. Бақдәулет Мамыровтың ұлы өсіп келеді. Қазір ол бір жаста. Өтіп бара жатқан адам түсірген түсірілімнің сілтемесі мына жерде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →