×

Жетісуда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді

Жетісуда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
Фото: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев

Бүгін Республика күні және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагелер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар және басқа да түрлі сала қызметкерлері, жалпы саны мың шақты адам қатысты,

Алдымен Жетісу облыстық филармониясының,«Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаздарымен және жоғары сынып оқушыларының хорымен бірге акцияға қатысушы барша жұртшылық Мемлекеттік Гимнді орындады. Осы мезетте еліміздің Мемлекеттік Туы көкке көтеріледі. Атап өтсек, Ту тұғырының биіктігі 92 метр,Тудың ұзындығы – 25 метр, ені – 12,5 метр.

Мұнан соң жергілікті өнер ұжымдары мен әртістері патриоттық мазмұндағы әндерді шырқады.


Бүгінгі шараға қала тұрғыны Лидия Маринина екі кішкентай ұлын ертіп келген.

- Балаларым әзірге мектеп жасына жеткен жоқ, бірақ осындай кішкентай кезінен бойларына патриоттық сезімді сіңіру керек деп есептеймін. Бүгін сол үшін оларды саябаққа ертіп келдім. Республика күніне арналған салтанатты көріп, көпшілікпен бірге мерекені атап өттік, - дейді ол.


Ал зейнеткер Мәрия Омарова осындай іс-шара өтетінін әлеуметтік желіден оқып-білген.

- «Жастар» саябағына Мемлекеттік әнұранымызды шырқауға, Туымыздың көкке көтерілгенін көруге келдім. Осында келген елжанды жастарды көріп, көңілім қуанды. Еңселі елім бар болғанына, жайқалып өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың бар екеніне риза сезімде болдым, - деді ол.

Еске салсақ, осы күні мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады
Бүгін, 21:40

Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады

Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Әртүрлі салада адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі жоғары бағаланды
Ел дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →