×

Алматыда екі жүргізушінің жанжалы атыспен аяқталды

Оқ атқан сәт видеоға түсіп қалған

Алматыда екі жүргізушінің жанжалы атыспен аяқталды
видеодан кадр

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт видеоға түсіп қалған. Видео дәл осы сәттен басталады, содан кейін кадрларда Toyota Camry көлігінің зардап шеккен жүргізушісі көрсетілген. Осыдан кейін жәбірленуші қанға боялған бетін ұстап, көлігіне жүгіреді. Ал қару қолданған ер адам оқиға орнын кетіп қалады.

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Tengrinews.kz редакциясы қалалық Полиция департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын хабарлады.

"Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушілері арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласына оқ атқан. Күдікті қамауға алынды. ИЖ маркалы газ тапаншасы тәркіленді. Басқа да мән-жай анықталып жатыр", - деді қаланың баспасөз қызметі өкілдері.

Зардап шегушінің жағдайын білу үшін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына да хабарластық. Олар жәбірленушінің медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

"103 пультіне ондай қоңырау түскен жоқ", - дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нәбира Есенова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →