×

Алматы әкімдігі көне тарихи нысан - ипподромның "бұзылуына" қатысты жауап берді

Алматы ипподромы – ел тарихындағы ең көне және мәдени маңызы зор спорт нысандарының бірі

Алматы әкімдігі көне тарихи нысан - ипподромның "бұзылуына" қатысты жауап берді
Informburo.kz

Алматы ипподромының аумағында тұрғын үй кешені салынады деген ақпарат әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та тарағаннан кейін, «Тенгри Инвест» ЖШС бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компания өкілдері ипподромда ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмегенін және тұрғын үй немесе коммерциялық нысандар салу жоспары жоқ екенін мәлімдеді.

«Тарихи ипподром аумағында ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Ипподром бұрынғыдай жұмыс істеп тұр, мұнда ат спорты жарыстары өтіп, ұлттық спорт түрлері дамытылып келеді», – деді «Тенгри Инвест» ЖШС директоры Ержан Майлыбаев.

Алматы қаласы әкімдігі де бұл ақпараттың негізсіз екенін растады.

«Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, аталған аумақ ипподром ретінде бекітілген. Оны бұзу немесе басқа мақсатта пайдалану жөнінде ешқандай рұқсат берілмеген», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Алматы ипподромы – ел тарихындағы ең көне және мәдени маңызы зор спорт нысандарының бірі. Мұнда жыл сайын ұлттық спортты дәріптейтін ірі жарыстар мен қоғамдық іс-шаралар өткізіліп келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →