×

Астана әкімі өзіне қатысты тараған қауесетке нүкте қойды

Астана әкімі өзіне қатысты тараған қауесетке нүкте қойды
Primeminister.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желілерде тараған жоғары қызметке тағайындалады деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл сұрақ қала басшысына Үркер тұрғын алабындағы есептік кездесуде қойылды. Әкім өзіне қатысты тараған әңгімелерді «жәй ғана қауесет» деп атап, жұртты мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Өзіңіз дұрыс айтып отырсыз, бұл тек қауесет. Қауесетке сенудің қажеті жоқ. Мұндай әңгімелерді талқылау – орынсыз нәрсе», – деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек 2022 жылғы 8 желтоқсанда Мемлекет басшысының жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалған. Бұған дейін ол Қарағанды облысын басқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімдігі көне тарихи нысан - ипподромның "бұзылуына" қатысты жауап берді
Бүгін, 11:09

Алматы әкімдігі көне тарихи нысан - ипподромның "бұзылуына" қатысты жауап берді

Алматы ипподромы – ел тарихындағы ең көне және мәдени маңызы зор спорт нысандарының бірі
Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →