×

Respublica партиясынан Мәжіліске өткен депутаттар кімдер

Партия сайлауда 547 154 дауыс жинаған

Respublica партиясынан Мәжіліске өткен депутаттар кімдер
Ашық дереккөздерден

Respublica партиясы Парламенттің төменгі палатасына 6 мандатқа ие болды. Бұл туралы партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров Фейсбук желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

«Бүгін ОСК Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica партиясы 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды», - деп жазған партия төрағасы.

Оның айтуынша, Мәжілісте Respublica партиясының атынан шығатын депутаттар - партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков.

«Мен және менің әріптестерім бізге көрсеткен сенім үшін шын жүректен алғыс айтамыз және сіздің таңдауыңыздың дұрыстығын сөзбен емес, Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін нақты істермен дәлелдеуге уәде береміз!» - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →