×

FlyArystan Астана мен Алматыдан Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

Рейстер жаңа жыл мен қысқы туристік маусымға орай ұйымдастырылып жатыр

FlyArystan Астана мен Алматыдан Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
ашық дереккөзден

FlyArystan әуекомпаниясы қазақстандық жетекші туроператорлармен бірлесіп, Алматы және Астана қалаларынан Солтүстік Гоа бағытына чартерлік бағдардамаларды іске қосады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рейстер жаңа жыл мен қысқы туристік маусымға орай ұйымдастырылып, қазақстандықтарға мерекелік кезеңді Үнді мұхитының жағалауында өткізуге мүмкіндік береді.

Чартерлік бағдарлама кестесі:
Алматы – Гоа – Алматы бағыты бойынша 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап, сәрсенбі және жұма күндері;
Астана – Гоа – Астана бағыты бойынша 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап, сейсенбі күндері орындалады.

Рейстер Манохар халықаралық әуежайына (Manohar International Airport, GOX) қонады. Заманауи инфрақұрылым мен танымал курорттарға ыңғайлы орналасуы туристерге жайлы демалыс пен жеңіл логистика ұсынады.

Компанияның мәліметінше, бұл бағдарлама қазақстандықтардың қысқы маусымда Гоаға демалуға деген тұрақты қызығушылығының және танымал туристік бағыттарға тікелей рейстерге сұраныстың артқанын көрсетеді.

FlyArystan саяхатшыларға бағыттың атмосферасымен танысып, сапарды жоспарлау бойынша кеңестер алу үшін Low-Cost Travel айдарының жаңа шығарылымын YouTube арнасынан көруге кеңес береді.

Турпакеттердің бағасы мен брондау бойынша ақпаратты туристік агенттіктерден алуға болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →