×

Еліміздегі алғашқы АЭС-тің атауы қашан белгілі болады

Еліміздегі алғашқы АЭС-тің атауы қашан белгілі болады
depositphotos

Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр стансасының атауы қараша айының соңына қарай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин мәлімдеді.

– Қазір конкурстық комиссия 27 мыңға жуық ұсыныстың ішінен ең лайық нұсқаларды сұрыптап жатыр. Комиссия отырысы өткізіліп, қорытынды шешім қабылданады. Жауап осы айдың соңына дейін белгілі болады деп ойлаймын, – деді ол.

Еске салайық, АЭС-ке атау таңдауға арналған байқауға өтінімдер 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында қабылданды. Байқау үлкен қызығушылық тудырып, елдің түкпір-түкпірінен ондаған мың ұсыныс келіп түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →