×

Алматының туристік саласына 9 айда 113 млрд теңге инвестиция тартылды

Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Алматының туристік саласына 9 айда 113 млрд теңге инвестиция тартылды
Алматы әкімдігі

Алматыда туризм саласына салынған инвестиция көлемі айтарлықтай артты. Қала туризм басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында туристік сектордың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында саланың жалпы қосылған құны 559,3 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш туризмнің Алматы экономикасындағы үлесі мен маңыздылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Қаладағы орналастыру инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Қазір Алматыда 377 қонақ үй мен орналастыру нысаны жұмыс істейді, нөмірлік қор – 12 552 бөлме (өсім 8%), ал бір мезетте 22 768 қонақты қабылдай алады.

2025 жылдың басынан бері жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 34 жаңа нысан іске қосылған. Олардың қатарында 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалы қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы бар.

Қазір 6 794 нөмірге арналған 58 қонақ үйдің құрылысы және 35 туристік жоба тұрақты бақылауда тұр.

«Инвестицияның артуы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік ашады. Бұл — туристік қызмет сапасын жақсартуға, маусымаралық кезеңде нысандардың жүктемесін арттыруға және MICE-бағытын (іскерлік туризмді) дамытуға жол ашады», — деп атап өтті Алматы қаласы туризм басқармасының өкілдері.

Мамандардың айтуынша, мегаполистегі туризм индустриясының белсенді дамуы шетелдік қонақтардың да назарын арттырып, Алматыны өңірдегі басты туристік орталықтардың біріне айналдырып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →