×

Экс-депутат: Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліске өткендерге депутаттық мандат үлестірді

Экс-депутат: Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды
parlam.kz

«Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды». Бұл туралы ақ жолдық экс-депутат Берік Дүйсенбинов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліске өткендерге депутаттық мандат үлестірді. Жаңадан сайланған депутатармен қатар өтпей қалған жақтастары да төбе көрсетті.

«Сайлау әділ өткен жоқ. Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды», - деді ол.

Сондай-ақ не себепті тізімге енбей қалғанын партия ішіндегі мәміле шешім деп түсіндірді.

«Ақ жол» партиясының атынан 6 орын алдық. Аймақтарда 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан азаматтар бар. Соларға орнымызды бердік, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ары қарай да партия жұмысын жандандырамыз», - деді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →