×

Алматының Түрксіб ауданында тұрғындар таңдаған 32 абаттандыру жобасы жүзеге асты

Алматының Түрксіб ауданында тұрғындар таңдаған 32 абаттандыру жобасы жүзеге асты
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Түрксіб ауданында биылғы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмыстары аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 32 жоба сәтті жүзеге асырылған. Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің айтуынша, тұрғындардың белсенді қатысуының арқасында биыл аудан аумағында айтарлықтай өзгерістер орын алған.

Атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттары:

  • 7 демалыс және серуен алаңы жаңартылды;

  • 6 жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынды;

  • 6 аула аумағы абаттандырылды;

  • 6 нысанға автоматты суару жүйесі орнатылды;

  • 3 заманауи балалар және спорт алаңы ашылды;

  • 4 көше жаңа сыртқы жарықтандыру желісіне қосылды.

«Аудан тұрғындары өз бастамашылдығын танытып, жобаларға белсенді атсалысуда. Бұл – Түрксіб ауданында қоғамдық кеңістікті жақсартуға деген сенім мен жауапкершіліктің артқанын көрсетеді. Қазірдің өзінде келесі жылға 359 өтініш түсті — бұл бағдарлама тарихындағы рекордтық көрсеткіш», – деді Бақытжан Ақжаров.

Түрксіб ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылы да тұрғындардың ұсынысы негізінде жаңа қоғамдық аймақтар мен демалыс орындарын көбейту көзделіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →