×

Түркістанда үш сектордың өзекті мәселелері талқыланды

Түркістанда үш сектордың өзекті мәселелері талқыланды
Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен Шауғар, Яссы және Бірлік секторларындағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстарға арналған жиын өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесуге қала әкімінің орынбасарлары, сектор жетекшілері, бөлім басшылары мен жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында қала басшысының тұрғындармен кездесуінде көтерілген өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, санитарлық тазалық, жол сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыру, су және кәріз жүйелерін жақсарту сынды маңызды мәселелер талқыланды.

Шауғар секторында биыл 22 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бірлік секторында қоршаған ортаны ластағаны үшін 578 әкімшілік хаттама толтырылып, 53 жағдайда ескерту берілген. Яссы секторында тазалық және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 1205 айыппұл рәсімделіп, 70 азаматқа ескерту жасалған.

Қала әкімі жиын қорытындысында сектор жетекшілеріне мәселелерді нақты мерзіммен шешуді, тұрғындармен тұрақты байланыс орнатуды және жол, жарық, су, кәріз жүйелеріне қатысты жобалық-сметалық құжаттарды жедел әзірлеуді тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →