×

“Салық комитетінен хат жеткіземіз": Елімізде жаңа алаяқтық схема пайда болды

“Салық комитетінен хат жеткіземіз": Елімізде жаңа алаяқтық схема пайда болды
freepik

Қазақстанда салық органдарынан хабарламалар жеткізетінін айтып, азаматтарды алдайтын жаңа алаяқтық тәсіл кең тарала бастады. Алаяқтар өздерін Мемлекеттік кірістер комитетінің курьеріміз деп таныстырып, “мемлекет есебінен тегін хат жеткіземіз” деп сендіреді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алаяқтар алдымен WhatsApp арқылы хабарласып, адамның аты-жөнін, ЖСН-ін, мекенжайын айтып, “деректерді нақтылау” сылтауымен сенімге кіреді. Кейін SMS арқылы келген кодты сұрайды. Оны “хат алу кезегінің нөмірі” деп түсіндіреді.

Азамат кодты берген сәтте қылмыскерлер оның қаржылық деректеріне жол ашады. Егер жоспар жүзеге аспаса, алаяқтар қысым жасап, “жүктеме қоймасында сақталады, ақылы қызметке айналады” деп қорқытады.

Маман­дардың айтуынша, салық органдары ешқашан курьер арқылы хат жібермейді. Комитет мемлекеттік қызметтерді мұндай жолмен көрсетпейді.

Сарапшылар азаматтарға бейтаныс нөмірлерге дерек бермеуді, SMS-кодтарды ешкімге жолдамауды ескертеді. Хабарлама ресми қызмет нөмірі 1414-тен келсе де, кодты үшінші тарапқа беруге болмайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →