×

Алматыда жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды

Алматыда жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында көлік, энергетика, өнеркәсіп және инновация салаларындағы қолданыстағы әрі келешектегі инвестициялық жобалар жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиын барысында ГТС-2 жүк терминалын дамыту, жылу электр станциясын салу, автобус паркін жаңғырту және зарядтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту жайы талқыланды. Бұған қоса, газ толтыру станцияларын құруға қатысты жобалар да қаралды.

Өнеркәсіптік бағытта жаңа буындағы темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу және автокөлік орындықтарын өндіру көлемін арттыруға арналған жобалар ұсынылды.

Сайран маңында инновациялық қалалық СЭС пен жасанды интеллект музейін құру жөніндегі бастама таныстырылды. Бұл жоба энергетика, заманауи технология мен білім беру салаларын тоғыстырып, болашақта қалаға серпін беретін орталық ретінде сипатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті басқармаларға аталған жобаларды одан әрі қолдап, әрбірін тиянақты түрде пысықтауды тапсырды. Инвестициялық штаб тұрақты жұмыс істеп, қолға алынған бастамалардың орындалуына бақылау күшейтіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →