×

Енді қазақстандықтар бір уақытта бірнеше банктен несие ала алмайды

Жаңа ережеге сай, әрбір азамат бір сағат ішінде тек бір ғана қаржы институтына өтінім жолдай алады

Енді қазақстандықтар бір уақытта бірнеше банктен несие ала алмайды
Коллаж Ulysmedia

Мәжіліс «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Құжатқа енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, енді азаматтар бір мезетте бірнеше банкке немесе микроқаржы ұйымына несие өтінімін бере алмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа ережеге сай, әрбір азамат бір сағат ішінде тек бір ғана қаржы институтына өтінім жолдай алады. Егер сол уақыт аралығында бірнеше өтінім берілсе, ақпарат Антифрод орталығына жіберіліп, алаяқтық әрекеттердің бар-жоғы тексеріледі.

Бұдан бөлек, несие бюролары да Антифрод орталығының қатысушылары қатарына қосылады. Бұл өзгеріс қаржы саласындағы тәуекелдерді азайтып, азаматтардың несие тарихының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ заң жобасында биометриялық сәйкестендіру және электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процедурасы тек тұтынушының жеке қатысуымен жүзеге асатыны көрсетілген.

Депутаттардың пікірінше, жаңа жүйе жалған несие рәсімдеу мен кибералаяқтықтың алдын алып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →