×

Ермұрат Бапи: Газеттегі айлығым 150 мың теңге еді, Мәжіліс қанша берсе де қанағат

Соған күн көріп келдім. Бізде қанағат бар

Ермұрат Бапи: Газеттегі айлығым 150 мың теңге еді, Мәжіліс қанша берсе де қанағат
Ашық дереккөздерден

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты Ермұрат Бапи тілшілерге берген сұхбатында қанша айлық алса да, қанағат білдіретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Депутаттық пәтер берсе, тұрасыз ба?

–  Енді қайда барамын? Далада жүрмейтін шығармын?

–  Өзіңіз қай жақтың тұрғынысыз? 

–  Алматы қаласының тұрғынымын.

–  Алдағы бес жылда депутаттардың жалақысы көтерілмейді. 600-700 мың теңгеге жұмыс істеуге дайынсыз ба?

–  Мен «Дат» газетінің редакторы ретінде алып жүрген жалақым 150 мың теңгенің айналасында. Соған күн көріп келдім. Ұжымым да сондай. Олар 100 мыңнан артық алмайды. Бізде қанағат бар. Қанша бұйырады, соған разымыз, – деді ол. 

Айта кетейік, Ермұрат Бапи ұзақ жылдар оппозициялық бағыттағы «Дат» газетінің редакторы болған. Ол Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымына Алматы қаласынан депутат болып сайланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді
Бүгін, 20:00

“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді

Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →