×

Алматыда 7 оқушы бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады

Алматыда 7 оқушы бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті
baq.kz

Алматыдағы №96 мектептің 7 оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 29 наурыз күні мектеп дәретханасында үзіліс кезінде болған.

«29 наурыз күні полиция бөлімшесіне Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушыларға иіс тиіп, уланғаны туралы хабар түсті. 7 оқушы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді», –  деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Аталған дерек бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасы оқушының ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабына сәйкес шара қолданады.

Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →