×

Саяси рингке кіру үшін қыздырынып алғаным дұрыс – Ардақ Назаров

Ардақ Назаров журналистерге рахмет айтуды да ұмытпады

Саяси рингке кіру үшін қыздырынып алғаным дұрыс – Ардақ Назаров

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымына бір мандаттық окург бойынша сайланған депутат Ардақ Назаров әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеше  Астанада депутаттық мандатын алуға барғанда журналистердің сұрағына елемей, Қаңтар жайлы сұраққа «Алла баршаңызды аман етсін» деп түсініксіз жауап берген. Жаңа депутаттың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Тележурналист Самал Қабышева оның бұл әрекетін сынға алған болатын. Ал Парламент палаталарының бірлескен отырысында бүгін Назаров тіптен ешбір сұраққа жауап бермей кете барды.  Осыдан кейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерге Ардақ Назаровқа ескерту беріледі деген. Осыдан кейін ол «жуасып» қалған тәрізді.

“Аллаға шүкір, бүгін халқымыздың алдында ант беріп, жаңа жауапкершілікті өз мойнымызға жүктедік. Маған шын ниетпен тілекші болып отырған ағайынға алғысымды білдіремін! “Біраз сұрақтарға жауап берілмеді” деп уайымдап отырғандарыңызды білемін. Біз спортшымыз ғой, рингке қыздырынбай кірмейміз. Дәл сол сияқты, саяси рингте де қыздырынып, жан-жақты бағамдап, ішкі кухнясын көріп барып жауап бергеніміз дұрыс болады”, – деп жазды депутат Instagram парақшасында.

Ол жақсы-жаманды таразылайтын, баға беретін уақыт әлі алда деп айтты.

“Айтпақшы журналистер қауымына алғысымды білдіремін, бізді саяси майданға кірместен бұрын шыңдап жатырсыздар”, – деп жазды Ардақ Назаров.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →