×

Тәуелсіздік күні: Түркістан облысында апаттық жағдайда тұрған баспана тұрғындарына жаңа пәтер берілді

Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Тәуелсіздік күні: Түркістан облысында апаттық жағдайда тұрған баспана тұрғындарына жаңа пәтер берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Шолаққорған ауылында халық игілігіне жаңа тұрғын үй тапсырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жеткіншек шағын ауданында салынған заманауи екі қабатты үй бұрын апаттық жағдайда тұрған үйде өмір сүрген және баспанаға мұқтаж бірнеше отбасыға жаңа шаңырақ сыйлады. Енді олар үшін жайлы әрі қауіпсіз ортада өмірдің жаңа парағы басталады.

Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды. Бұл жоба өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге қосылған маңызды үлес болды.


Пәтерлер инженерлік коммуникациялармен толық қамтамасыз етілген және заманауи тұрмыс стандарттарына толық сай келеді. Қазатомөнеркәсіп аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауды жалғастырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде жүзеге асыра беретін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →