×

"Мемлекетке опасыздық жасағанмен тең": Депутат КТК нысандарына шабуылды қолдаған жазбаларды тексеруді талап етті

"Мемлекетке опасыздық жасағанмен тең": Депутат КТК нысандарына шабуылды қолдаған жазбаларды тексеруді талап етті
ria.ru

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлеуметтік желілерде Каспий құбыр консорциумының (КТК) нысандарына жасалған шабуылды қолдаған жазбаларға қатысты құқықтық баға беруді талап етті. Ол бұл жөнінде Бас прокуратура мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, КТК арқылы жыл сайын шамамен 30 миллиард доллар көлемінде экспорттық кіріс өтеді, оның үштен бірі Ұлттық қорға түседі және елдің салық түсімдерінің елеулі бөлігін құрайды.

«Әлеуметтік желілерде ел азаматтарының кейбірі стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды ашық қолдап жатыр. Бұл – сөз бостандығының шегінен шығып, мемлекет пен азаматтарға зиян келтіретін әрекет», – деді Сарым.

Оның сөзінше, мұндай шабуылдарды қолдау ел экономикасына айтарлықтай қауіп төндіреді, себебі КТК жұмысының ұзаққа тоқтауы ай сайын 500 миллион доллар шығын әкелуі мүмкін.

Айдос Сарым құқық қорғау органдарын мұндай жазбалардың авторларының әрекетін Қылмыстық кодекстегі терроризмді насихаттау және мемлекеттік опасыздық баптары бойынша қарастыруға шақырды.

«Мұндай мәлімдемелер тек экономикалық емес, саяси қауіп-қатер тудырады. Сондықтан оларға жедел құқықтық баға берілуі тиіс», – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →