×

ҚМДБ «Құпия Санта» ойынына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ «Құпия Санта» ойынына қатысты мәлімдеме жасады
shutterstock

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Құпия Санта» ойынына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Діни басқарманың түсіндіруінше, бұл ұғым исламда да, қазақтың дәстүрлі дүниетанымында да жоқ. ҚМДБ өкілдері өзге мәдениеттерден енген түсініктерді дәріптегеннен гөрі, адамдарды жақындастыратын ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарын насихаттаудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Ислам дінінде де, ұлттық дәстүрімізде де “Құпия Санта” деген түсінік кездеспейді. Ұлттық және діни құндылықтарды алға шығару әлдеқайда орынды», – деп мәлімдеді ҚМДБ.

Сондай-ақ Діни басқарма өкілдері аталған ойын мереке кезінде ішімдік ішу, ер мен әйелдің еркін араласуы немесе шариғатта тыйым салынған өзге әрекеттермен қатар жүрсе, мұндай жағдайлар құпталмайтынын ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →