×

Солтүстік Қазақстаннан шыққан сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

Олар өздерін «Халық кеңесін» құрушылар деп жариялаған 

Солтүстік Қазақстаннан шыққан сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды
Видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысында өздерін «Халық кеңесі» деп жариялаған сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бұл ақпарат Солстүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүріп жатыр», – делінген жергілікті полиция департаменті берген ақпаратта.

Әлеуметтік желіде өздерін «Халық кеңесін» құрушылар деп жариялаған бір топ адамның видеосы тарады. Видео жедел тарап, қызу қоғамдық талқыға түсті.

Тараған бейнежазбада 19 наурызда Солтүстік Қазақстанда әлдебір 19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жария етіп, тіпті оның «жарғысының» жобасын, «декларациясын» қабылдап, төрағасы мен хатшылығын да сайлап тастаған. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде тараған видео қызу талқылануда.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →