×

Тоқаев күштік құрылым қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады

Тоқаев күштік құрылым қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады
Ақорда

Жаңа жыл қарсаңында Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің бірқатар қызметкері баспаналы болды. Пәтер кілттерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты рәсімде табыстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рәсім барысында Президент ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау – стратегиялық маңызы бар негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

– Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда «Заң мен тәртіп» және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатырсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →