×

Тоқаев жас жазушылар мен ақындарды марапаттады

Тоқаев жас жазушылар мен ақындарды марапаттады
Ақорда

Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биылғы Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жас қаламгерлердің шығармашылығын қолдауға және ұлттық әдебиетті дамытуға бағытталған. Сыйлық төрт номинация бойынша табысталды.

Атап айтқанда, «Проза» номинациясы «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке берілді. «Поэзия» номинациясында «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжанов үздік деп танылды. «Драматургия» аталымы «Ақ киіз» драмалық шығармасының авторы Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке табысталды. Ал «Балалар әдебиеті» номинациясы «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.

Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық ізденісін ынталандыруға, жаңа есімдердің танылуына және қазақ әдебиетінің дамуына серпін беруді көздейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр
Кеше, 22:25

Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр

Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі
Жастар мен жасөспірімдер интернеттегі ақпараттарға сыни көзбен қарауы тиіс
Марат Елеусізұлы балалармен подкаст форматында әңгіме өрбітіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →