×

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Президент бұл туралы батырдың туғанына 115 жыл толуына орай айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Бауыржан Момышұлының ерлік жолы Қазақстанмен қатар, шетелдерде де кеңінен танымал. Халық оны баяғыдан бері қаһарман тұлға ретінде құрметтеп келеді. Алайда осы уақытқа дейін батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген.

Президент Жамыбл облысы тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен жастар арасында бұл мәселе жиі көтеріліп жүргенін атап өтіп, тарихи әділдікті қалпына келтіру қажет екенін айтты.

– Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым. Құжат міндетті түрде жарияланады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Бауыржан Момышұлының есімі отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым ұрпаққа үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, батырдың ерлігі аңыз емес, нақты тарихи құжаттармен дәлелденген және Ұлы Отан соғысына қатысқан өзге батырлар да мойындаған шынайы ерлік.

Президент елге еңбегі сіңген, ерлігімен танылған азаматтарын бағалай білген халық ешқашан ұтылмайтынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →