×

2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды

2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысына 2025 жылдың 11 айында республикалық бюджеттен 329,6 млрд теңге бөлінді. Бұл жылдық жоспардың 99,2 пайызына тең. Мәліметті ҚР Қаржы министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржыландыру көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Мәселен, 2023 жылы жобаға 52,4 млрд теңге, 2024 жылы 28,4 млрд теңге бағытталса, 2025 жылы небәрі 11 айдың өзінде 329,6 млрд теңге игерілген. Барлық қаражат Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттер есебінен қаржыландырылған.

Салыстыру үшін айтсақ, LRT құрылысына бөлінген қаражат көлік және коммуникация саласына арналған жалпы бюджет шығыстарының шамамен үштен бірін құрайды. Осы кезеңде автожол құрылысына 258,5 млрд теңге, ал Алматы метросын дамытуға 25,6 млрд теңге қарастырылған.

LRT жобасының тарихы 2017 жылдан басталады. Алғашында құрылыс Қытай даму банкінің 1,5 млрд доллар несиесі есебінен қолға алынған. Алайда 2018 жылы «Астана Банкі» лицензиясынан айырылып, қаржыландыру тоқтады. 2019 жылы жоба жемқорлық дауына байланысты мүлде тоқтатылып, құрылыс деңгейі шамамен 15 пайызда қалған. Сол кезеңде келтірілген залал 5,8 млрд теңге деп бағаланып, қытайлық несие мерзімінен бұрын өтелді. 2023 жылдан бастап жоба республикалық бюджет есебінен қайта жанданды.

Қазіргі жоспарға сәйкес, LRT желісін сынақ режимінде пайдалану 2025 жылдың қыркүйегіне белгіленген. Ал нысанды толық іске қосу 2026 жылға жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →