×

Жамбыл облысында әйелдер құқығы мен отбасы құндылықтары мәселелері талқыланды

Жамбыл облысында әйелдер құқығы мен отбасы құндылықтары мәселелері талқыланды
shutterstock

Жамбыл облысында әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отырыста қоғам үшін өзекті әрі әлеуметтік маңызы жоғары бірқатар мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік отбасылық және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған әлеуметтік тапсырыстардың орындалу барысы талқыланды. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігі мен нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар халыққа гендерлік білім беру, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу және отбасы институтын нығайту мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында сөз болды. Заң нормаларын түсіндіру, отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамдағы жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне арналған дәстүрлі «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына ерекше назар аударылды. Акция аясында жоспарланған іс-шаралар, алдын алу тетіктері және қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз ету жолдары талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Есімі бірнеше даулы оқиғаларда аталған шенеунік жаңа қызметке келді
Мемлекеттік органдардың немқұрайлығынан тұрғын үй кезегіндегі деректер жоғалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →