×

Алматы жұрты актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды

Актердің артында жұбайы мен үш баласы қалды

Алматы жұрты актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды
Фото: jemappelledali / Instagram.com

Алматыда жанкүйерлері, әріптестері және жақындары орталық мешітке жиналып, танымал актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұрат Бисембин кеше, 8 қаңтарда өмірден озды. Актер 53 жаста еді. Ол бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күресті. Желтоқсан айында инсульт алғаннан кейін ауруханаға түсті. Дегенмен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оның әкесі Болат Бисембин перзентінен айырылудан асқан қасірет жоқ екенін айтып сөз сөйледі.

«Ол өте талантты еді. Институтты бітіріп, ағылшын тілін жетік меңгерген болатын. Ата-ана үшін өз перзентін соңғы сапарға аттандырудан асқан қасірет жоқ. Негізі ол бізді жерлеуі керек еді, алайда бәрі керісінше болды. Ол ішімдік пен темекіден аулақ болып, үнемі спортпен шұғылданды. Соңғы жылдары актерлік өнерге бет бұрып, киноға түсе бастады. Оның шеберлігі мен сомдаған рөлдеріне халықтың өзі бағасын береді, мен әкесі ретінде ештеңе айта алмаймын», – деді Болат ақсақал.

Сурет: Tengrinews.kz

Мұрат Бисембин соңғы бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күресіп келеді. Соңғы кездері оның жағдайы нашарлап, жедел түрде иммунотерапияға мұқтаж болған. Бұл ем өте қымбат, сондықтан әріптестері қазір әлеуметтік желілерде жылу жинай бастады.

Айта кетейік, «Рэкетир» фильмінен кейін Мұрат Бисембин бірден танылып, «Махамбеттің қылышы» мен «Гүл сатушы» фильмдеріне түсті. Мұрат Бисембин тек актер ғана емес, «Хабар» телеарнасында бағдарлама жүргізушісі болған. Кейін комедиялық жанрда түсірілген «Брат или брак» фильмінен кейін де оның танымалдылығы арта түсті. Ол 2019 жылғы режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінде Тұмар ханшаның әкесінің рөлін сомдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →